Share This Article
Алматы полициясы қала тұрғындары мен қонақтарына 1-2 ақпанда жол шектеулеріне байланысты туындауы мүмкін кептеліс туралы ескертілді, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1-2 ақпанында Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей үкімет басшыларының және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасының қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді.
- 1 ақпанда Әл-Фараби даңғылы, ШААЖ, Құлжа тас жолы, Саин, Шаляпин, Майлин, Бұқтырма көшелерінің аймағында түзетулер болуы мүмкін.
- 2 ақпан – Әл-Фараби, Сейфуллин даңғылдары, Саин, Жароков, Шаляпин көшелерінде.
Айта кету керек, жол шектеулері қоғамдық көліктердің жұмысына әсер етпейді.