Share This Article
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2027 жылға дейін республикалық жолдар 100 пайыз интернетпен қамтылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com.
Министрдің айтуынша, 2024 жылы дыбыс деңгейін өлшеу және интернетсіз учаскелерді анықтау арқылы автожолдарды зерттеу және егжей-тегжейлі талдау аяқталған.
Олардың нәтижесі бойынша антенна-діңгек құрылыстарын қосымша орнату қажет 243 нүкте анықталған. 104 станса құрлысы бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынған.