Share This Article
Қазгидромет 16, 17, 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Қазақстан аумағына атлантикалық циклон ығысады. Салдарынан жауын-шашын жауады.
- Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде, қалған аумақтарда қар түрінде;
- Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жаууы мүмкін.
“Жел, боран, көктайғақ болып, кейбір аудандарда тұман түседі. Тек ауа температурасында өзгерістер күтілмейді”, – деп жазылған хабарламада.