Share This Article
Қылмыстық кодексте жаңа бап пайда болады. Сыбайлас жемқорлық жасағандардың аты-жөні жария тізімге енгізіледі, деп хабарлайды barysmedia.com.
Бұл туралы Мәжіліс отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді.
Тізілімге тек ауыр немесе аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандардың мәліметтері енгізіледі.
Қосылатын мәліметтер: аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, қылмыс құрамы, айыптау үкімі, жаза түрі.
Мәліметтер тізілімнен тек ақтау үкімі шыққан жағдайда немесе соттылығы өтелгенде алынады.