Share This Article
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Абу Дабидің орнықты даму апталығы” ашылу рәсіміне және Zayed Sustainability Prize сыйлығын табыстау шарасына қатысты, деп хабарлайды barysmedia.com Ақордаға сілтеме жасап.
Бұл маңызды шараға Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Руанда Президенті Поль Кагама, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагим, Жаңа Зеландия Премьер-министрі Кристофер Лаксон, Финляндия Премьер-министрі Петтери Орпо, сондай-ақ саясаткерлер, жаңартылатын энергия, технологиялар мен инновациялар саласындағы көшбасшылар, инвесторлар мен кәсіпкерлер қатысты.
Саммит барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді.
“Абу Дабидің орнықты даму апталығы” (ADSW) – тұрақты даму және климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелеріне арналған жетекші халықаралық алаңдардың бірі. Форумның басты мақсаты – жасыл технологиялар мен жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция тарту, сондай-ақ БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына жетуге бағытталған инновациялық шешімдер іздеу. Биылғы форум “Болашақпен байланыс: Орнықты дамуды жеделдету” (“The Nexus of Next. Supercharging Sustainable Progress”) тақырыбымен өтеді.