Share This Article
Синоптиктер 20, 21 және 22 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Метеорологтар мәліметінше, арктикалық антициклон Қазақстанның солтүстігі, шығысы, оңтүстік-шығысы және орталығына әсер етеді, салдарынан аяз сақталады. Алайда еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады, бұрқасын соғады; таулы аймақтарда – қалың қар жауады, сондай-ақ республиканың оңтүстік-шығысында аяз біртіндеп әлсірейді.
“Ауа температурасы батыста төмендейді деп күтіледі: түнде 10-25 градус аяз, күндіз 5-15 градус аяз, республиканың солтүстік және орталық аймақтарында температура фоны 28-38 градус аяз шегінде болады, күндіз 15-23 градус аяз, шығыс облыстарда түнде 32-45 градус аяз, күндіз 20-32 градус аяз, республиканың оңтүстік-шығысында түнде 15-25 градус аязға дейін біртіндеп көтеріледі, күндіз 0-13 градус аязға дейін төмендейді”, – делінген хабарламада.