Қазақстанда жаңа туған нәрестеге жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) туғаннан кейін бірден – 20 минут ішінде беріледі. Бұл өзгерісті көздейтін заң жобасын бүгін Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Депутаттардың айтуынша, бұл норма бала саудасына қарсы күрес үшін қажет. Ол тек қазақстандықтарға ғана емес, республика аумағында туған шетел азаматтарына да қатысты болады.
Автор
74