Share This Article
Танымал ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки Қазақстанға кірмейді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
“Қоғам өзі жауап берді ғой, көрдіңіздер ғой, қызу талқыланды. Оған не қосайын? Ең өкініштісі мәлімдеме жасаған әрбір азаматқа жауап бере берсек өзімізді ұмытып қаламыз. Өзіміздің қанша ішкі мәселеміз бар. соған көңіл бөлейік. Анау айтты, мынау айтты деп көңіл бөле берсек, уақытымыз жетпейді. Екінші өкінішті мәселе – көрші ел, өзіміздің достарымыз біздің ел туралы беймәлім екені. Себебі біз туралы ақпарат оларда дұрыс емес. Біздің елге келіп көрсін. Ойдан шығарып жаза беріп, әлеуметтік желіде қырылысқанша өзіміздің жұмысымызды жалғастырайық.
1, 2, 3 деген тізім жоқ. Ол әр мемлекеттің өзінің ішкі шарасы. Біреу ұнамаса үйіңізге кіргізбейсіз ғой. Сол секілді біз де кіргізбейміз. Керек кезде шара қабылданады. Оны нақты “бүгін, ертең кіргізбейсіздер ме?” деп талап етпеңіздер. Мемлекет ешқашан ондайды кешірмейді. Ол Қазақстанға келе қоймас. Келсе кірмейді”, – дейді Айбек Смадияров.