Share This Article
Қазақстан мен Сауд Арабиясы Алматы – Эр-Рияд бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу туралы уағдаласты, – деп хабарлайды barysmedia.com Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тиісті шешімге Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қазақстан-Саудия Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 6-отырысына қатысу үшін Сауд Арабиясына сапары шеңберінде қол жеткізілді.
Елдер арасындағы рейстерді Сауд Арабиясының FlyNas әуекомпаниясы 2024 жылдың көктем-жаз маусымынан бастап аптасына 7 рейс жиілігімен орындайды.