Share This Article
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жүйелі түрде іске асырылып жатыр. Бұл жөнінде Шавкат Мирзиёев Қазақстанның пермьер-министрі Әлихан Смайловпен кездесуінде айтты, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі.
ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Өзбекстанға мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-саммитіне қатысу үшін келді. Әлихан Смайылов Ташкенттегі іс-шара қарсаңында сол елдің президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті.
Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жүйелі түрде іске асырылып жатқанын айтты. Осы орайда Өзбекстан басшысы сауда, көлік және су шаруашылығы саласындағы уағдаластықтарды ерекше атап өтті.
«Біз барлық мәселеде алға жылжып келеміз. Меніңше, шешілмеген мәселе жоқ. Сауда саласында Қазақстан президентімен келіскен жобалар бізге жаңа белестерге жетуге көмектеседі», – деді Өзбекстан президенті.
Премьер-министр оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынастар сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестіктің жарқын үлгісі екенін баса айтты.