Share This Article
Әлихан Смайылов жаңа инвесторға қойылатын талаптар туралы айтты, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі.
Оның айтуынша, жаңа инвестор «АрселорМиттал Теміртауға» 3 млрд доллар ақша құюы керек.
«Мемлекет «АрселорМиттал Теміртауға» бюджет қаржысын жұмсамайды. Мұндай жоспар жоқ. Біз жеке инвестор тартамыз. Ол алдағы үш жылда 3 млрд доллар құюға тиіс», — деді премьер мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Оның айтуынша, бұл соманың жартысын компанияның жаңа иесі алғашқы жылы бағыттауы керек.
«Кем дегенде 1,3 млрд долларды бірден құю керек болады. Кәсіпорындағы қазіргі жағдай өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі, бүкіл жабдықты жаңғырту және өндірісті кеңейту мәселелерін шұғыл шешуді қажет етеді», — дейді премьер.
«АрселорМиттал Теміртауды» Қазақстан пайдасына беру бойынша процедуралар 30 қарашада аяқталады. Осыдан кейін барлық ақпарат жұртшылыққа жарияланады.