Share This Article
Өткен демалыс күндері Париж маңындағы Ройямонт аббаттығында білім беру саласын қолдау мақсатында жаһандық шара ұйымдастырылды. Бұл шараға үш жүзге жуық жұлдыз, саясаткерлер, дипломаттар және өнер қайраткерлері қатысты. XIII ғасырлық аббаттықтың тарихи аумағында екі күн бойы білімнің маңыздылығы мен заманауи өнердің дамуындағы технологияның рөлі туралы панельдік талқылаулар өтті. Шараның модераторы ретінде әлемдегі ең ықпалды 100 әйел инфлюенсердің бірі Линда Перейра қатысты.
Аптаның басты оқиғасы ретінде гала-кешкі ас пен аукцион өткізілді. Оған қоғамдық қайраткер, журналист және жазушы Марек Хальтер*, «Алтын глобус» кинофестивалінің директоры Хелен Хон, голливудтық модель Сабрина Эльба, актриса Элла Траволта, инфлюенсер Санта Димопулос, Океания – Тынық мұхит аймағы өнері мұражайының кураторы және «Аресина» тәуелсіз продюсерлік орталығының креативті директоры Сулу Даунивалу, Франциядағы Олимпиада ойындарын ашқан опера әншісі Аксель Сен-Сирель және тағы басқа танымал тұлғалар қатысты.
Аукционда қонақтарға жас суретшілер мен дизайнерлердің туындылары ұсынылды. Айрықша атап өтерлігі, суретші Бубу тірі раушан гүлдерін қолданып, кенепке ерекше өнер перформансын көрсетті.
Кеш барысында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, продюсер және сценарист Элизабет Крецтің «Art in you» атты қысқаметражды фильмі де көрермендер назарына ұсынылды. Фильм халықаралық ұйымдардың білім деңгейін арттыруға бағытталған жұмыстары мен білім берудің инклюзивтілік және дамушы елдер үшін маңыздылығын айшықтайды. Фильмді түсіруге Қазақстан Журналистер одағының мүшелері Юрис Гүлбис пен Яна Гүлбас қатысты.
Аукционнан түскен барлық қаражат БҰҰ-ның білім беру саласындағы қайырымдылық және білім беру бағдарламаларын қолдауға бағытталмақ. Шара жыл сайын өтетін дәстүрге айналады деп жоспарлануда, ал келесі жылы осындай шараға бай тарихы бар тағы бір ерекше архитектуралық нысан таңдалмақ.
*Марек Хальтер Қазақстан Республикасындағы тұңғыш француз университеті – «Сорбонна-Қазақстан» жобасын жүзеге асырды.