Share This Article
Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Салтанат Нүкенованың өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау мерзімі тағы екі айға, 9 наурызға дейін ұзартылды.
Бұл туралы Kazinform хабарлады.
“2024 жылғы 9 қаңтарда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қуандық Бишімбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 9 наурызға дейін ұзартуды санкцияланды”, – деп хабарлады сот басылымға.
Сондай-ақ Астана соты өзге мәліметтерді Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайтынын ескертті.