Share This Article
2024 жылғы 29 сәуірде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жарыссөздің басталуы 10:00-ден 14:30-ға кейінге қалдырылды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Сот отырысы залында сотталушылардың болмауы себеп болды.
Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі сотында Қуандық Бишімабевтің ісі бойынша жарыссөз басталуы тиіс еді. Оны ҚР ҚК екі бабы бойынша айыптауда:
- ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша (“ерекше қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру”);
- ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы (“кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамды азаптау”).