Share This Article
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 26 маусым күні Беларусь астанасы Минск қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com.
Мемлекет басшысы Минскіде өтетін Еуразиялық экономикалық форумға және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады.
Ақорданың мәліметінше, форум мен кеңес отырысы 26-27 маусым күндері өтеді. Бұл жиындар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара ынтымақтастығын нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету және өзекті өңірлік мәселелерді талқылау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Айта кетейік, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес – одаққа мүше елдердің мемлекет басшылары деңгейіндегі негізгі шешім қабылдайтын орган.