ҚМДБ биылғы Рамазан айы басталатын күнді, пітір садақа мөлшерін бекітті, деп хабарлайды barysmedia.com.
Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.
Сондай-ақ пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.
Өзіңізге…
2025 жылдың 15 ақпанында Open Library Almaty Management University-де көрнекті фольклортанушы және түрколог Едіге Тұрсыновтың жеке кітапханасының тұсаукесері өтті. Іс-шара Open Library AlmaU, «Аспандау» ғылыми-білім беру қоры, «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі және «Жолшы» философиялық қоғамының қолдауымен «Дала Ілімі» ғылыми-түрік семинары аясында ұйымдастырылды.
Әдеби мұра
Кездесудің модераторы PhD, «Жолшы» философиялық қоғамының Төрағасы Нұржан Құлымжанов болды. Оның…
Ұлытау облысындағы "Жомарт" кенішінде қаза тапқан кеншілердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды barysmedia.com.
Қаза тапқан кеншілердің тізімі:
Ақшалов Қайрат Аманбекұлы, 1975 жылы туған, сорғы қондырғыларының машинисі;
Жақұбаев Ардақ Боранбайұлы, 1998 жылы туған, жерасты учаскесінің тау-кен шебері;
Жұмадоллаев Бақытбек Нышанұлы, 1975 жылы туған, жерасты тау-кен жұмысшысы;
Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы, 1991 жылы туған, тиеу-жеткізу машинасының машинисі;
Молдабеков…
Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілер қаза табуына байланысты көңіл айтты , деп хабарлайды barysmedia.com.
«Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты», – делінген хабарламада.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауына байланысты қаза болған кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдаған.
Бұдан бөлек президент Үкіметке қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырған.…
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясына қарасты "Жомарт" кенішіндегі шахтада тау-кен массасы опырылды. Құтқарушылар жеті жұмысшының денесін тапты, деп хабарлайды barysmedia.com.
Төтенше жағдайлар министрлігі "Жомарт" кенішінде іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижелері туралы ресми мәлімет жариялады.
"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-не тиесілі кеніште іздестіру барысында жеті қызметкердің денесі табылды. Олардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Қайтыс болған жұмысшылардың денелері жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық…
Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды barysmedia.com.
Бұған дейін Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымында болды.
Облыстың жаңа басшысы 1977 жылы қазіргі Абай облысында дүниеге келген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва мемлекеттілігін қалпына келтіру күнімен құттықтады, деп хабарлайды barysmedia.com Ақордаға сілтеме жасап.
Жеделхатта Литва Республикасы бүгінде Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өз мемлекеттілігін нығайтып, азаматтарының әл-ауқатын жақсарту жолында едәуір жетістікке қол жеткізгені жазылған. Президент Қазақстан мен Литва арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухында өрістеп келе жатқан қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі үшін ұдайы…
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды barysmedia.com.
Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылып, орнына Ербол Дәненұлы Адаев тағайындалды.
Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Тілекұлы Ерғарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Ал Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Құқық қорғау…
Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды barysmedia.com.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Айта кетейік,Ерұлан Жамаубаев 2024 жылғы мамырдан бері президент кеңесшісі қызметін атқарған еді.
Қазақстан ерлер құрамасы биатлоннан Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында күміс медаль алды, деп хабарлайды barysmedia.com.
Биатлоншылар эстафеталық жарыста екінші нәтижені көрсетті. Медальді елімізге Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр және Владислав Киреев әкелді.
Бірінші орынды Жапония құрамасы жеңіп алса, үшінші орын Қытайға бұйырды.
Қазақстан ерлер құрамасы биатлоннан Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында күміс медаль алды, деп хабарлайды barysmedia.com.
Биатлоншылар эстафеталық жарыста екінші нәтижені көрсетті. Медальді елімізге Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр және Владислав Киреев әкелді.
Бірінші орынды Жапония құрамасы жеңіп алса, үшінші орын Қытайға бұйырды.

