Алматыда Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, ұсталды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті. Сома мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған.
"Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда", -…
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері (бұдан әрі – ЕТЖ) 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін ұлғайтылды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ-дан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.
Нәтижесінде 85 мың теңгеге дейін жалақы алатын…
Қазақстанда 2024 жылы әлеуметтік-еңбек саласына бюджеттік шығыстар 16%-дан астамға өсті, - деп barysmedia.com тілшісі.
Қазақстанда 2024 жылы әлеуметтік-еңбек саласына бюджеттік шығыстар 16%-дан астамға өсті, - деп barysmedia.com тілшісі.
2024 жылы республикалық бюджеттің әлеуметтік-еңбек саласына шығыстары шамамен 5 триллион 456 миллиард теңге сомасында көзделген, бұл 2023 жылғы шығыстардан (шамамен 4,7 триллион теңге) 16,3 пайызға артық.
"Жоспарланған…
Алматы прокурорлары аграрлық университеттегі ақша жымқыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі қала прокуратурасына сілтеме жасап.
Алматы прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.
"Келтірілген шығын 43,8 миллион теңге болады, тергеуді Алматы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізіп жатыр.
Тағы бір…
ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбаты әңгіме жанрында жарияланғанымен, көлемі мен мазмұны жағынан саяси мақала ретінде қабылданатынын айтты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Ол өзінің Telegram-арнасында сұхбаттың қойылған сұрақ пен берілген жауаптың көптігімен ғана емес, қоғамда қызу талқыланып жатқан көкейтесті мәселелерді тұтастай қамтығанымен ерекшеленіп тұрғанын атап өтті.
"Солайша, Президент…
Павлодар облысында жұмысшылар мінген автобус шахтаға құлап кетті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Өңірдегі ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында Павлодар облысының Баянауыл ауданында "Майқайыңзолото" АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында тазарту кеңістігіне төрт жолаушысы бар автобус құлаған. Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, опырылған жер ұзындығы 150-200 метр, ені 500 метр, тереңдігі 150 метр.
"Оқиға…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Egemen Qazaqstan" газетіне көлемді сұхбат берді. barysmedia.com толық мәтінін ұсынады.
Өткен жыл несімен есіңізде қалды?
– Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша отандасымды тағы да Жаңа жыл мейрамымен құттықтаймын!
2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Біз негізгі саяси реформаларды аяқтап қалдық. Конституциялық Сот жұмысын бастады. Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша…
2023 жылғы 27 желтоқсанда Мәжіліс депутаттары Сенаттың түзетулерімен жер қойнауын пайдалану және экология туралы заңды қабылдады. Құжат президентке қол қоюға жіберілді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Экология және табиғи ресурстарды басқару комитетінде Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар қаралды. Жоғарғы палатаға енгізілген түзетулер үкіметке пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке енгізу тәртібін анықтау құзыретін береді.
Сонымен қатар, пайдалы…
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін ұлғайтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 27 желтоқсан күні бұл өзгеріс қанша адамды қамтитынын мәлімдеді.
"ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ-дан төмен болмайтын…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына екі күндік жұмыс сапары аяқталды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
25 желтоқсанда Қазақстан Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шектеулі құрамдағы отырысына қатысты.
ЕАЭО саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, ынтымақтастық бағыттарын дамытуға қатысты бірқатар мәлімдеме жасаған болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына екі күндік жұмыс сапары аяқталды, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
25 желтоқсанда Қазақстан Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шектеулі құрамдағы отырысына қатысты.
ЕАЭО саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, ынтымақтастық бағыттарын дамытуға қатысты бірқатар мәлімдеме жасаған болатын.

