Шығыа Қазақстан облысы Самар ауданы әкімдігінің ТКШ, қаржы және жұмыспен қамту бөлімдерінің басшылары "Прокуратура туралы" конституциялық заңды бұзғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, аудандық прокуратура жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерді уақтылы әзірлеуіне талдау жүргізу барысында азаматтардың заңды құқығы, бостандығы мен мүддесін іске асыру қажет бірқатар…
Подробнее
"Атамекен" ҰКП бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты сот процесі жүріп жатыр, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Айта кетейік, былтыр 10 мамырда Антикоррупциялық қызмет "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовті ұсталғаны хабарланған еді.
Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген…
Подробнее
Венгрияның Дебрецен қаласында өткен бокстан Иштван Бочкай атындағы турнир өз мәресіне жетті. Жарыста қазақстандық боксшылар бес алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстан командасы атынан Асхат Жүсіпов (48 келі), Асылжан Серікбай (57 келі), Бeйбарыс Жексен (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) және Ерасыл Жақпеков (80 келі) чемпион…
Подробнее
Ыстамбұлда 3,5 мыңнан астам мешіт бар, яғни орта есеппен шаһардың 4356 тұрғынына бір мешіттен келеді деген сөз. Ал солардың ішінде ең танымалы – Сұлтанахмет мешіті. Бұл – қасиетті қалаға қадам басқан кез келген адам міндетті түрде баратын орын. Көпшілік арасында Көк мешіт деп те аталатын бұл нысан – әлемде теңдесі де, ұқсас сыңары да жоқ…
Подробнее
Ыстамбұл дегенде, алдымен көзге Айя София мешіті елестейтіні рас. Сондықтан Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі және TGA (Түркия туризм таныту және дамыту агенттігі) ұйымдастырған баспасөз турымыздың дәл осы киелі орыннан басталуы заңдылық. Қатпар-қатпар тарихты қазыналы сандықтай бүгіп тұрған ғимараттың бүгінгі күнге қаз-қалпында жетуі таңғалдырмай қоймайды. Әйтпесе мұнда талай соғыс та, табиғи апат та болған. …
Подробнее
Былтыр Түркияға 52 млн турист барыпты. Оның дені әлбетте сұлу да сырға толы Стамбулға ағылған. Мұнда бір келумен шектелуге әсте болмас. Себебі сан ғасырлық тарихтың куәгері туристерді баурай береді. Оны зерттеуге тырысасың. Өткенінен бөлек, бұл қаланың бүгіні де қызық. Осынау айрықша мекенге біз де табан тіредік.
СТАМБУЛДАҒЫ ЕҢ АЛЫП ОРТАЛЫҚ Қаңтардың ортасын еңсердік. Астанада…
Подробнее
Қасым-Жомарт Тоқаев Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездесті, - деп хабарлайды barysmedia.com Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Рим Папасының шақыруымен Қасиетті Таққа алғашқы ресми сапарын жасады.
Қазақстан Президенті сөзінің басында әлемдегі адамзаттың игілігі жолындағы қажымас қайраты мен қажырлы күш-жігері үшін Католик шіркеуінің Жоғарғы Понтификіне ризашылығын білдірді.
"Сіздің дүниежүзі халқына бейбітшілік тілеген дұғаларыңыз мыңдаған католиктің ғана емес, басқа…
Подробнее
Сауда және интеграция министрлігі бірыңғай сағат белдеуіне көшу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Министрлік мәліметінше, "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы" Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілген.
"Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады", - делінген…
Подробнее
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен кездесу үшін Ватиканға барды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мемлекет басшысының келуіне орай Швейцария гвардиясының құрметті қарауылы жасақталған. Қазақстан Президентін Папа сарайы префектурасының регенті Леонардо Сапиенца қарсы алды.
Подробнее
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонидің арасында өткен келіссөзден кейін бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.
Қол қойылған құжаттар тізімі:
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер жерленген орындардың мәртебесіне қатысты келісім;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Италия Республикасының…
Подробнее
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонидің арасында өткен келіссөзден кейін бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.
Қол қойылған құжаттар тізімі:
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер жерленген орындардың мәртебесіне қатысты келісім;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Италия Республикасының Әділет министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Италия Республикасының Мәдениет министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Италия Республикасының Университеттер және зерттеулер министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Италия Республикасының Ұлттық мемлекеттік басқару мектебі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
Қазақстанның «Самұрық-Қазына» қоры мен Италияның «Cassa Depositi i Prestiti» компаниялар тобы арасында бірлескен инвестициялық қор құру және өңдеу өнеркәсібі, энергетика, логистика салаларына инвестиция салу туралы келісім;
Қазақстанның «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Италияның «ENI» компаниясы арасындағы жалпы қуаты 247 MBт болатын гибридті электр станциясын (жел электр станциясы, күн электр станциясы) салу жөніндегі бірлескен жобаны жүзеге асыру туралы бірлескен түпкілікті инвестициялық шешім.