ІІМ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топпен жолға қойылған синтетикалық есірткі өндіру және тарату арнасына тосқауыл қойды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Шетелдік үш азаматқа қатысты трансұлттық ұйымдасқан топ құрғаны, оған басшылық жасағаны және қатысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық топтың мүшелері Ақмола облысы Ерейментау қаласының шетінде орналасқан, ұйымдастырушы сатып алған жеке үйде құрықталды. Онда күдіктілер психотроптық…
Read more
Мәжіліс депутаттары 21 ақпанда палатаның жалпы отырысында педофилия мен балаларды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізетін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мұндай нормалар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген.
Құжатты депутат…
Read more
Алматы облысы Іле ауданында білім бөлімінің басшысы 680 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі" ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Ол Іле ауданының орта мектептерінде іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға адамдар тобымен алдын…
Read more
Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Ұлытау облысында өгей балаларын құлдықта ұстаған әйел қамауға алынғанын айтты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Ұлытауда балаларды құлдыққа алған әйел кеше жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деп жазды Динара Закиева.
Read more
2024 жылғы 17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған операция шеңберінде Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстары және Шымкент қаласында 8 топты бейтараптандырды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Олардың ортасында деструктив діни ағым жақтастары бар 23 адам ұсталды. 17 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал…
Read more
Алматы прокурорлары "Қазақстан" шипажайын мемлекетке қайтарды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
2013 жылы шипажай директоры "Қазақстан" шипажайдың барлық мүлкін кепілге қойып, кірісті жасанды түрде арттырып, ғимараттарды жөндеуге 2,6 миллиард теңге несие алды.
"2021 жылы 700 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін директор мен басқа да тұлғалар түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Несие беру кезінде банк…
Read more
Синоптиктер 20, 21 және 22 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Метеорологтар мәліметінше, арктикалық антициклон Қазақстанның солтүстігі, шығысы, оңтүстік-шығысы және орталығына әсер етеді, салдарынан аяз сақталады. Алайда еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады, бұрқасын соғады; таулы аймақтарда – қалың қар жауады, сондай-ақ республиканың оңтүстік-шығысында аяз біртіндеп әлсірейді.
"Ауа…
Read more
Алматы облысы, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркі, Белбұлақ шатқалы, «Тау-Тұран» білім беру-сауықтыру кешенінде ХІ Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі өтіп жатыр.
Қысқы мектептің алғашқы күнінде Дүниежүзілік радио күніне арналған «Радиохабар таратудағы жасанды интеллект: жаңа форматтары мен практикасы» тақырыбы аясында шеберлік сағаты өтті.
2014 жылдан бастау алған қысқы мектеп - білімді студенттер мен тәжірибелі журналистер арасындағы…
Read more
2024 жылдың 13 ақпанында астаналық сот экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына, оның жұбайы Налия Ысқақоваға және адвокат Мұстахим Төлеевке қатысты алаяқтық және сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сот үкімін шығарды, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
«Сот үкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3 және 6-бөліктері негізінде, 20.06.2023 жылғы Астана…
Read more
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар мемлекетінің әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арасындағы келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арасындағы келіссөз қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы ұстап…
Read more
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар мемлекетінің әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арасындағы келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арасындағы келіссөз қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы ұстап беру туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім;
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлерді Қатар Мемлекетінде жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісім;
4. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігі арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Отбасы және әлеуметтік даму министрлігі арасындағы Әлеуметтік қорғау және даму саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Спорт және жастар министрлігі арасындағы жастар саласындағы 2024-2026 жылдарға арналған бірінші атқарушы бағдарлама;
7. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қатар мемлекетінің Әкімшілік бақылау және ашықтық басқармасы арасындағы Парасаттылық пен айқындылықты ілгерілету бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
8. “Самұрық-Қазына” АҚ, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Power International Holding арасындағы энергетика және газ саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісімдер;
9. “QazaqGaz” ҰК” АҚ мен UCC Holding арасындағы Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыттарын салу жобаларын бірлесіп іске асыру туралы келісімдер.