Қазақстан америкалық Apple компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр, - деп barysmedia.com тілшісі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.
Келіссөздер Қазақстанда Apple компаниясының ресми кеңсесін ашуға қатысты.
"Цифрлық даму министрлігі Apple компаниясымен Қазақстанда ресми өкілдік (компанияның – еск.) ашу туралы келіссөз жүргізіп жатыр", - делінген Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауапта.
Елімізде Apple кеңсесін…
Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Қымбатты отандастар! Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша.
Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл.
Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға…
Қазақстандық боксшы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Василий Алексеевич 1988 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, екі бірдей Олимпиада ойындарының қатысушысы. 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы…
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры, мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Үкімді Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Кемеңгер Имашев жариялады.
Арыстанбек Мұхамедиұлының мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне өмір бойына тыйым салынып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 29 ақпанда бақылау-өткізу бекеттерінің жұмыс режимінің өзгеретінін ескертті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан өтетін адамдарға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ҰҚК Шекара қызметі келесі автомобильдік өткізу пунктерінің жұмыс регламентіне өзгерістер енгізді:
Ресей Федерациясымен:
"Найза", Павлодар облысы
"Қоянбай", Абай облысы
"Байтанат", Абай облысы
Қытай Халық Республикасымен:
"Нұр Жолы", Алматы…
Олжас Бектенов отандық өндірушілерді қолдау бөлігінде "Бәйтеректің" саясатын қайта қарауды тапсырды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
ҚР премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Отырыста 2023 жылға арналған Инвестициялық саясат талаптарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынылды.
Есептерді тыңдаған Үкімет басшысы "Бәйтерек" сатыпалым ережелерін отандық тауарлардың үлесін түбегейлі арттыру жағына…
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесуде Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің алдағы жұмысының басым бағыттарына назар аударды.
Қазақстан Президенті, ең алдымен, Халықаралық олимпиада комитеті аясындағы сенімді және тиімді қарым-қатынасты нығайту маңызды екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрамалардағы спортшылардың алдағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарына даярлығына…
Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров аязда сәбиін далаға тастап кеткен ата-ана ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
«Полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жұмыстардың нәтижесінде жас нәрестені далада тастап кету дерегі бойынша күдікті 29 жастағы ер адам және 22 жастағы азаматша ұсталды. Қазір оқиғаның толық мән жайы анықталуда. Өзге ақпараттар тергеу құпиялығына сәйкес әзірге…
Ұлытау облысында бірнеше шенеунік жауапқа тартылды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Ұлытау облысының прокуратурасы прокурордың заңды талаптарын орындамау, прокурорды хабардар етпеу және прокурорлық қадағалау актілерінде көрсетілген заңдылық бұзылуын жою туралы шараларды қабылдамау деректері бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 664, 665, 666-баптары бойынша 12 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.
"Оның нәтижелері бойынша сотпен Ұлытау…
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш Қазақстаннан кетпегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтап, істі сотқа жіберген болатын.
Әсет Шындалиев ол ешқайда кетпегенін атап өтті.
"Істің сотта қаралып жатқанын білемін. Ол – Қазақстанда. Ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат алынған. Қалғанын айта…
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш Қазақстаннан кетпегенін мәлімдеді, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтап, істі сотқа жіберген болатын.
Әсет Шындалиев ол ешқайда кетпегенін атап өтті.
«Істің сотта қаралып жатқанын білемін. Ол – Қазақстанда. Ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат алынған. Қалғанын айта алмаймын. Іс сотта қаралып жатқандықтан оның мәртебесі сотталушы шығар», — деді Бас прокурордың орынбасары Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Ол іс жабық өтіп жатқанын, істе мемлекеттік құпия барын атап өтті.

