Президент "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Құжат алғаш рет жылумен жабдықтау жүйелерінің сапалы жұмыс істеуі мен дамуы үшін жылу энергиясын өндіру, беру, өткізу және тұтыну процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды дербес заң түрінде реттейді.
Сонымен қатар, жылу энергетикасы саласының сапалы және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жаңа…
Read more
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға қол қойды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Заң сатып алу процесінің рәсімдерін оңтайландыруды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуді және бәсекелестікті дамытуды көздейді.
Заң новелласының бірінші блогы сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге және қысқартуға бағытталған.
Шағымдарды қарау тетігі…
Read more
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті. Балалар Төраға Си Цзиньпин бастаған ҚХР…
Read more
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі соңғы уақытта министр Аида Балаеваның атынан мәдениет қайраткерлеріне түрлі мәселелер бойынша хабарламалар келіп түскен жағдайлар жиілеп кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мұндай хабарламалар алаяқардың ісі екенін мәлімдейміз. Аида Балаева мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары…
Read more
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Биылғы 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.
Read more
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді. Сондай-ақ түлекті дайындаған ұстаздардың рөліне де тоқталып өтті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Жаннұрдың ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсетуі – бұл еңбекқорлықтың, шыдамдылық пен ынтаның нәтижесі. Бұл ретте ата-ананың қолдауы, қамқорлығы мен балаға деген сенімін де айта кету керек.…
Read more
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл барысы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Есірткіге қарсы айлық кезінде 5414 іс-шара өткізілген, оның ішінде 310 акция, 103 семинар, 427 дәріс және 359 кездесу, 113 дөңгелек үстел, 432 спорттық жарыс және турнир, 150 профилактикалық сипаттағы конкурстар бар.
"Оның 994-і нарколог-дәрігерлердің, 894-і еріктілердің, 215-і жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, 425-і үкіметтік…
Read more
"Аман" кітабының авторы, қазақстандық ақын Меруерт Әзімбаева жаңа кітабының тұсауын кесті. Кітаптың басты кейіпкері Меруерттің атасы - Аманжол қария.
Кітаптағы басты ерекшелік- өлеңдер сол дәуірдің қайғысын жырлайды.
Кітапта бұл туралы тікелей айтылмаса да, қазақтардың еркін өмір салты мен тоталитарлық кеңестік жүйе арасындағы қайшылық жаппай ашаршылық пен қуғын-сүргінге ғана емес, мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген көшпелі өмір…
Read more
8-12 маусым аралығында Жаңаөзен қаласы Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінде бокстан спорт ардагері, жаттықтырушы Ақылбек Теміровты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Дүбірлі додаға Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттері мен еліміздің барлық өңірінен 300-ге жуық спортшы қатысты. Олар бес күн бойы өзара мықтыны анықтады.
Жарыстың ашылу салтанатына…
Read more
Елордада Алматы ауданын екіге бөліп алтыншы әкімшілік ауданды құру жұмысы қолға алынған сәттен бастап түрлі ұсыныстар түсті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұл туралы Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Басқарма басшысының айтуынша, зиялы қауым өкілдерімен, тарихшы ғалымдармен және қоғам қайраткерлерімен алтыншы…
Read more
Елордада Алматы ауданын екіге бөліп алтыншы әкімшілік ауданды құру жұмысы қолға алынған сәттен бастап түрлі ұсыныстар түсті, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұл туралы Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Басқарма басшысының айтуынша, зиялы қауым өкілдерімен, тарихшы ғалымдармен және қоғам қайраткерлерімен алтыншы ауданның атын қою жөнінде арнайы кеңес өткен.Басқосуда бірқатар ұсыныс айтылды.
“Әр ұсыныстың тарихи, мазмұндық астарына үңілдік. Айтылған 15-ке жуық ұсыныстың ішінен басым дауыспен ерекшеленген негізгі төрт нұсқаны қалалық ономастика комиссиясының қарауына алып шықтық. Әр атаудың өз ерекшелігі, тарихи негізі бар. Ол төрт ұсыныс – Сарайшық, Тұран, Сауран, Жерұйық болды.
Жаңа ауданның шекарасы айқындалғаннан кейін қалалық ономастика комиссиясының отырысын өткізіп, жоғарыда айтылған төрт ұсынысты комиссия мүшелерімен бірге талқылап, дауысқа салдық. Комиссия мүшелерінің ортақ шешімімен Сарайшық деген атауды жаңа ауданға беру жөнінде тоқтамға келдік”, – дейді Сәкен Есіркеп.
Ол сөзін жалғай отырып, Сарайшық атауының мағынасына кеңінен тоқталып өтті.
“Сарайшықтың не екенін көзі қарақты жұрттың бәрі біледі. Орта ғасырлық қала, кезінде Алтын Орданың, кейіннен Қазақ хандығының астанасы болды. Бұл қала Ұлы Жібек Жолының бойындағы ірі сауда орталықтарының бірі болған. Деректерге сүйенсек Сарайшық Еуропа елдері мен Алтын Ордадан Хорезм қалаларына, Үндістан, Ирак және Қытай елдеріне басты құрлықтық керуен жолдарын жалғаған.
Сарайшық тек сауда ғана емес мәдени, экономикалық және саяси орталық ретінде үлкен маңызға ие болған.
Сарайшықта Алтын Орданың бірнеше ханы мен тарихи тұлғасы, сондай-ақ қазақтың әйгілі Қасым ханы жерленген. Бүгінгі Қазақстанның батыс бөлігінде, Жайық өзенінің бойында, Атырау қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан.
Біз биыл Ұлық Ұлыстың 800 жылдық мерейтойын атап өтіп жатырмыз. Ал Сарайшық дәл осы Ұлық Ұлыстың бірден бір орталығы болған ірі шаһар”, – деп түсіндірді Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы.
Ол сол сияқты елорданың әрбір ауданы топонимикалық атауларды иеленгенін мәлім етті.
“Астананың қазіргі бес ауданы Қазақстанның әр өңіріне қатысты топонимикалық атауларды иеленген. Мәселен Алматы оңтүстік-шығыста болса, Байқоңыр оңтүстік-батыста орналасқан. Ал Сарыарқа Қазақстанның тұтас орталығын қамтып тұрса, Нұра Қарқаралыдан бастап Қарағанды, Ақмола облыстарын қамтиды. Есіл өзені Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын қамтып жатыр. Осы орайда Қазақстанның батыс бөлігіндегі ірі тарихи қаланың атын қала ауданына әкелудің мазмұндық, идеялық, ұлтты ұйыстыратын маңызы зор деп білеміз.
Осыған орай, Астананың жаңа алтыншы ауданына Сарайшық атауын беру ұсынысын қолдауды сұраймыз”, – деп басқарма басшысы сөзін аяқтады.