Қаржы министрінің "Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы" бұйрығы күшіне енді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Құжат ТЖ режимі жарияланған өңірлердегі су тасқынынан зардап шеккен адамдардың салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін ұзартуға бағытталған.
Әкімдік су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енгізген салық төлеушілер келесі жеңілдіктерді пайдалана алады:…
Подробнее
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 17 сәуірдегі "2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Демалыс күнін 2024 жылғы 4 мамырдағы сенбіден 2024 жылғы 8 мамырдағы сәрсенбіге ауыстырылады", - делінген құжатта.
Бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Осылайша, қазақстандықтар үш күн қатарынан, яғни 2024…
Подробнее
Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы өтемақы төлеуді осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиында қаржы министрі Мәди Такиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндамалары тыңдалды.
Бүгінгі таңда зардап шеккен 3…
Подробнее
Қазақстанда енді мопедті тіркеу міндеттеледі, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Жол жүрісі туралы" заңға жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасын депутат Екатерина Смышляева таныстырды.
Заң жобасында мынадай нормалар бар:
"Құжат көліктің осы түрінің қозғалысын реттеу…
Подробнее
Қазақстанда алдағы күндері жауын-шашын тоқтап, күн ысиды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Қазгидромет мамандарының мәліметінше, республика аумағының көп бөлігі кең антициклонның ықпалында болады және жауын-шашынның тоқтауы, күндізгі ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.
Тек қиыр солтүстікте, шығыс аймақтарда және оңтүстік-шығыстың тауларында атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда…
Подробнее
Air Astana Дубай қаласында нөсерлі жауын салдарынан әуеайлақты су басуына байланысты KC206 Дубай-Астана және KC898 Дубай-Алматы рейстері 16 сәуірден 17 сәуірге ауыстырылатынын нақтылады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Әуе компания жолаушыларды қонақ үйге орналастыру және тамақтандыру үшін барлық шараларды қабылдап жатқанын айтады.
Рейстердің мәртебесін әуежайдың ресми сайтынан тексеру сұралады.
Подробнее
Қырғызстанда танымал TikTok желісі бұғатталады. Қырғызстанның цифрлық даму министрлігі жанындағы байланыс саласындағы реттеу және қадағалау қызметі елдің барлық интернет-провайдерлеріне тиісті өкім жолдады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Министрліктің Vesti.kg-ге берген ақпаратына сай, бұл шаралар Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің хаты негізінде қабылданды.
"Шешім шығаруға TikTok тарапынан "балалардың денсаулығына, олардың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына зиян…
Подробнее
Грекияның Олимпия қаласында 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының алауы ресми түрде тұтанды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Салтанатты шараға Грекия президенті Катерина Сакеларопулоу, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах, Париж мэрі Анн Идальго және басқа да ресми тұлғалар қатысты.
Алғашқы эстафеталық алауды ескек есуден Токио Олимпиадасының чемпионы Стефанос Дускос алды. Айта кетейік, алауды барлығы…
Подробнее
Биыл елімізде жемқорлардан тәркіленген ақшаға салынған 25 мектеп ашылады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұған дейін апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 76 738 орынға арналған 62 мектеп салынды. Оның ішінде 37 білім беру ордасы іске қосылды.
Білім беру нысандарын іске қосу нәтижесінде өңірлерде 48 мың жаңа…
Подробнее
ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш бүгінде су тасқынынан 7 мыңға жуық үй су астында қалғанын айтты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Оның айтуынша, қазіргі таңда 9 млн 700 мың текше метр қар суын сорылып, 2 млн 400 мың қапшық, 1 млн 200 мыңнан аса тонна инернетті материал төселген.
«16…
Подробнее
ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш бүгінде су тасқынынан 7 мыңға жуық үй су астында қалғанын айтты, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Оның айтуынша, қазіргі таңда 9 млн 700 мың текше метр қар суын сорылып, 2 млн 400 мың қапшық, 1 млн 200 мыңнан аса тонна инернетті материал төселген.
«16 сәуір сағат 10.00-дегі жағдай бойынша 13 543 адам өз үйлеріне оралды, 7 мың 14 адам, оның ішінде 3144 бала эвакуациялау пунктеріне орналастырылды. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 113 693 адам, оның ішінде 39 922 бала құтқарылды. 107 613 бас мал қауіпсіз жерге айдалды. 3 570 тұрғын үй мен 2 195 ауладан судың бағыты бұрылды.
Қазір Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5708 тұрғын үй, 1609 аула және 2035 саяжай су астында», – деді Ерасыл Сайпаш ОКҚ-де өткен брифингте.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 34 мың адам, 4242 техника, оның ішінде 890 су сору құралы, 335 жүзу құралы және 19 әуе кемесі жұмылдырылған.
ТЖМ психологтары жергілікті жерлерде және жедел желі телефондары арқылы азаматтарға шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Жедел желіге 1796 қоңырау түсіп пысықталған.
«Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 38 төтенше жағдай әрекет етеді. ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз орындауға, үйлерден, эвакуациялау пунктерінен рұқсатсыз шықпауға, балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді», – деді ТЖМ ресми өкілі.