Kazakhstan Paramount Engineering (KPE) және Сингапурдың ST Engineering компаниясы стратегиялық келісімге қол қойды, деп хабарлайды barysmedia.com.
Сингапурлық ST Engineering компаниясы KPE-мен бірлесіп, Қазақстанда 8x8 дөңгелек формуласы бар жаңа әмбебап амфибиялық құрышталған көлік өндіруге арналған өндіріс орындарын құруды қолға алды. Жоба ST Engineering-тің далалық сынақтардан өткен Terrex жаяу әскер жауынгерлік машинасы негізінде жүзеге асырылады. Бұл техника ашық суда тиімді жұмыс істеуге қабілетті. Сондай-ақ, компания инженерлік…
Подробнее
Өткен демалыс күндері Париж маңындағы Ройямонт аббаттығында білім беру саласын қолдау мақсатында жаһандық шара ұйымдастырылды. Бұл шараға үш жүзге жуық жұлдыз, саясаткерлер, дипломаттар және өнер қайраткерлері қатысты. XIII ғасырлық аббаттықтың тарихи аумағында екі күн бойы білімнің маңыздылығы мен заманауи өнердің дамуындағы технологияның рөлі туралы панельдік талқылаулар өтті. Шараның модераторы ретінде әлемдегі ең ықпалды 100 әйел…
Подробнее
Автор: Александр Данчев, Северо-Казахстанская область.
6 марта в Специализированном межрайонном суде по уголовным делам Акмолинской области начался суд над 12 сотрудниками уголовно-исполнительной системы.
Все они обвиняются по п. 1 ч. 3 ст. 146. УК РК «Жестокое, бесчеловечное или унижающее достоинство обращение, пытки», а именно жестокое, бесчеловечное обращение или пытки, совершенные группой лиц по предварительному сговору.…
Подробнее
Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Ақорда мәліметінше, Заң арқылы халықтың ойынға тәуелділігін төмендетуге бағытталған шектеуші және ынталандырушы нормалар енгізіледі. Атап айтқанда,…
Подробнее
Президент "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Құжат алғаш рет жылумен жабдықтау жүйелерінің сапалы жұмыс істеуі мен дамуы үшін жылу энергиясын өндіру, беру, өткізу және тұтыну процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды дербес заң түрінде реттейді.
Сонымен қатар, жылу энергетикасы саласының сапалы және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жаңа…
Подробнее
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға қол қойды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Заң сатып алу процесінің рәсімдерін оңтайландыруды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуді және бәсекелестікті дамытуды көздейді.
Заң новелласының бірінші блогы сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге және қысқартуға бағытталған.
Шағымдарды қарау тетігі…
Подробнее
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті. Балалар Төраға Си Цзиньпин бастаған ҚХР…
Подробнее
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі соңғы уақытта министр Аида Балаеваның атынан мәдениет қайраткерлеріне түрлі мәселелер бойынша хабарламалар келіп түскен жағдайлар жиілеп кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мұндай хабарламалар алаяқардың ісі екенін мәлімдейміз. Аида Балаева мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары…
Подробнее
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Биылғы 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.
Подробнее
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді. Сондай-ақ түлекті дайындаған ұстаздардың рөліне де тоқталып өтті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Жаннұрдың ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсетуі – бұл еңбекқорлықтың, шыдамдылық пен ынтаның нәтижесі. Бұл ретте ата-ананың қолдауы, қамқорлығы мен балаға деген сенімін де айта кету керек.…
Подробнее
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді. Сондай-ақ түлекті дайындаған ұстаздардың рөліне де тоқталып өтті, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
«Жаннұрдың ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсетуі – бұл еңбекқорлықтың, шыдамдылық пен ынтаның нәтижесі. Бұл ретте ата-ананың қолдауы, қамқорлығы мен балаға деген сенімін де айта кету керек. Сондай-ақ мұғалімдердің де кәсібиліктері мен жұмыстарына деген адалдықтарының арқасы. Бұл қуанышты сәт өміріңіздегі жаңа жетістіктер мен жеңістердің бастамасы болсын!», — деді Саясат Нұрбек өз сөзінде.
11 жыл үздік оқыған түлек – «Алтын белгіге» үміткер. Ол ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша Алматы облысының Есік қаласында тапсырған.