Share This Article
Ресейде бұрыннан белгілі коронавирус түрінің мутацияланған жаңа нұсқасы – «Стратус» штамы анықталды. Бұл туралы Джордж Мейсон университетінің зерттеушілері мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com.
Мамандардың айтуынша, жаңа штамның белгілері «Омикрон» нұсқасына ұқсас. Жұқтырған адам әуелі әлсіздік сезінеді, кейін мұрыннан су ағып, жөтел басталып, дене қызуы көтеріледі. Ауру әсіресе кәмелетке толмағандар арасында жиі тіркеліп отыр.
Қазіргі таңда «Стратус» вирусы Ресейдің 13 аймағында таралған. Жалпы 114 адамнан осы штамға тән белгілер анықталған. Ең көп жағдайлар Мәскеу қаласында тіркелді.
Эпидемиологтар вирустың адамнан адамға тез жұғатынын ескертеді. Дегенмен қазіргі таңда жаңа штамға қарсы жаппай вакцинациялау жоспарланбай отыр. Мамандар алдын алу шараларын сақтап, өз денсаулығына мұқият болуға шақырады.