Share This Article
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды, — деп хабарлайды barysmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келді. Бұрын хабарланғандай, сапар барысында екі ел басшыларының келіссөздері жоспарланған. Оның барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері талқыланады.
Сонымен қатар, президенттер бейнеконференцбайланыс арқылы Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресей арасындағы ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысады.