Share This Article
Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
“2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына бекітілді”, – делінген хабарламада.
Олжас Бектеновтің кандидатурасын парламенттік партиялар фракцияларымен кеңескеннен кейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліске ұсынды.
Палата 6 ақпандағы отырысында кандидатураны қолдады.