Share This Article
Қазақстан Үкіметі коммуналдық қызметтердің тарифін көтеру туралы шешімді кейінге қалдырды, деп хабарлайды barysmedia.com.
Мәліметке сәйкес, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында инфляция деңгейі 16,1 пайызға жеткен. Инфляцияның өсуіне ең көп әсер еткен факторлардың бірі – ақылы қызметтердің қымбаттауы болған.
«Осыған байланысты Үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады. Олардың өсуін ішінара кейінге қалдырды. Бұл азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және инфляция деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді», – делінген Үкімет таратқан ресми ақпаратта.
Еске салайық, өткен сенбіде Үкіметте бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысы талқыланған болатын. Отырысқа вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин төрағалық етті.