Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі.
Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан Астанаға ресми сапармен келді. Оны Астана әуежайында ҚР премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин күтіп алды.…
Алматыдағы 206 мектептің асханасына оқушылардың тамақтану сапасын бақылау үшін бейнебақылау орнатылды, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі.
Қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева асхананы жалға алушыларға бейнебақылау камерасын орнатуды міндеттеу үшін білім беру ұйымдарының…
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметі 28 қазанда Костенко шахтасында болған жарылыс кезінде қаза тапқандардың тізімін ұсынды, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі.
Тізімде 46 кенші бар:
Әбілов Айбек Нұрғалиұлы
Бобряшов Сергей Владимирович
Семсерхан…
Әлихан Смайылов жаңа инвесторға қойылатын талаптар туралы айтты, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі.
Оның айтуынша, жаңа инвестор «АрселорМиттал Теміртауға» 3 млрд доллар ақша құюы керек.
«Мемлекет «АрселорМиттал Теміртауға» бюджет қаржысын жұмсамайды. Мұндай…
Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі…
2023 жылғы «Алтын доп» иегері Лионель Месси болды. Париждегі «Шатл» театрында өткен кеште аргентиналық футболшы мансабында 8-ші рет бұл марапатқа ие болды, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі.
France Football таңдауы бойынша «Интер…
2023 жылғы «Алтын доп» иегері Лионель Месси болды. Париждегі «Шатл» театрында өткен кеште аргентиналық футболшы мансабында 8-ші рет бұл марапатқа ие болды, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі.
France Football таңдауы бойынша «Интер Майами» командасында ойнап жүрген шабуылшы ең көп дауысқа ие болған. Жеке рекордын жаңартып қана қоймай, MLS тарихында «Алтын доп» алған алғашқы футболшы атанды.
2022 жылы Месси Катарда өткен мундиальда Аргентина құрамасымен әлем чемпионы атанды. 2023 жылдың жазында «Интер Майамиге» ауысты. «Алтын допты» бұған дейін 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019, 2021 жылдары да жеңіп алған болатын.
Дауыс беруде Мессиден кейінгі орынға Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»), Килиан Мбаппе (ПСЖ) мен Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити») орналасқан.
Әйелдер арасында «Алтын допты» «Барселона» командасының футболшысы Айтана Бонмати жеңіп алды. Ең жас үздік футболшы марапатын «Реал» ойыншысы Джуд Беллингем иеленді. Үздік қақпашыға берілетін Яшин атындағы сыйлықты Аргентина құрамасымен әлем чемпионы атанған Эмилиано Мартинес жеңіп алды. Үздік шабуылшы марапаты Эрлинг Холандқа табысталды. «Манчестер Сити» болса жылдың үздік командасы атанды