Алматыда 21 мамырда сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керегін айтты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Жаттығу кезінде және одан тыс уақытта өзін…
шкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев Қазақстан азаматтығын беру туралы шешім шығарар кезде негізге алынатын заңға енгізілген өзгерістер туралы айтты, - barysmedia.com тілшісі.
"Заң азаматтықтан бас тартудың мынадай негіздерін…
Ризван Гусейнов, азербайджанский политолог рассказал BARYS MEDIA как может повлиять трагическая смерть президента Ирана на внешнюю политику Тегерана и на борьбу между двумя крупными политическими силами в стране.
Ибрахим Раиси…
Балқашта су деңгейі тағы 8 сантиметрге көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Трансшекаралық Іле өзенінен көлге су жіберу іс-шаралары жалғасып жатыр.
"Бұған дейін су деңгейі…
Иран президенті Ибрагим Раиси мен Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан тікұшақ апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Mehr агенттігі апат болған орынның суретін де жариялаған. Иранның президентімен…
Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде шағын жер сілкінісін сезінгендерін жазуда, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:10-да болғанын растады.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке…
ҚР Ішкі істер министрлігі түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
25 мамырда еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары өткізіледі.
"Салтанатты іс-шаралар барысында полиция…
20 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне жаңа кеңесші тағайындады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Ақорда мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Ерұлан…
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Бүгінде Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27,2 триллион теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мәжілісте «2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» Үкіметтің есебі тыңдалып жатыр.
Бүгінде бюджет…
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды…
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Заңда:
- қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі, тергеу изоляторларындағы және уақытша ұстау изоляторларындағы бейнебақылау жүйелерін бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген;
- Үкімет айқындаған өңірлерге қоныс аударатын адамдар үшін шаруа немесе фермер қожалығына жер учаскелерін беру көзделген;
- қоныс аударушыларға және олардың отбасы мүшелеріне мемлекеттік қолдау ретінде көшуге субсидия, тұрғын үй жалдау, коммуналдық қызмет төлемдерінің шығындарына өтемақы, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттары секілді материалдық көмек көрсету көзделген;
- Қазақстан азаматтығын беруден және қалпына келтіруден бас тарту үшін кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасау, қарапайым деңгейде мемлекеттік тілді білмеу, Қазақстан Конституциясының негіздерінен, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын деңгейде төл тарихымыздан хабардар болмау секілді қосымша негіздер қарастырылған;
- Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу құқығын беретін инвесторларға арналған көпреттік виза және сұранысқа ие кәсіп иелері үшін виза енгізілген;
- экстремистік немесе террористік ұйымға қатысы бар, қайтадан қылмыс жасаған, ұйымдасқан топтың (қылмыстық ұйымның) «серкесі» саналатын, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасаған, сондай-ақ Қазақстанда ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған және халықаралық шарттар негізінде өз азаматтығы бар елге берілген адамдардың елімізге кіруіне тыйым салынған.
- Сонымен қатар Заңда халықтың көші-қонына қатысты заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған басқа да түзетулер көзделген.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.