Маңғыстау облысының Ақшүкір және Сайын Шапағатов ауылында теңіз суын тұщытатын зауыт салынып жатыр. Кәсіпорын 25 мың адамның ауыз суға қажеттілігін толық өтейді деп күтілуде, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұл…
Жаңа оқу кезеңінің басталуына орай 2024 жылдың 3-6 маусым аралығында Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өткізіледі, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі жеке құрам…
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда қанша бала бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Ресми мәліметке сүйенсек, елімізде 0-17 жас аралығындағы 6 841 527 бала бар.
"Оның ішінде 3,5 миллионы…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
«Құрметті отандастар! Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Жарқын жаз өскелең ұрпаққа қамқорлықтың символына айналған осы…
1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күні барлық ата-ана бүлдіршіндерге ерекше көңіл бөледі. Ауыл-аймақ пен қалаларда түрлі концерт өтеді. Ал кейбір қайырымдылық қорлары мен арнайы орталықтар балаларға арнап сый таратады.…
2024 жылғы 29 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берілді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мемлекет басшысына су тасқыны салдарын жоюға және…
Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында "тоғызқұмалақ" ойынының атауын өзгертуді ұсынды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың атына жасаған депутаттық сауалында ол "тоғызқұмалақ"…
Үкімет Парламентке Түркістан қаласына рухани-мәдени және тарихи орталық ретінде дамыту үшін ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын ұсынады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі…
29 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Жиын барысында терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері…
Төтенше жағдайлар министрлігінің Комитет төрағасы мен департамент басшылары сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жоғары лауазымды шенеуніктер арасында жемқорлықтың жүйелі фактілерін…
Төтенше жағдайлар министрлігінің Комитет төрағасы мен департамент басшылары сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жоғары лауазымды шенеуніктер арасында жемқорлықтың жүйелі фактілерін анықтау аясында Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, осы ведомствоның бөлімше басшыларының заңсыз әрекеттерінің жолын кесті.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жартыжылдық қорытынды отырысында Төраға Асхат Жұмағали хабарлады.
«Жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, сондай-ақ Шымкент қаласы мен Жетісу облысы бойынша ТЖД бастықтары парақорлықпен әшкереленді. Олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып, тексерілетін ұйымдарды келісімшарттар жасау арқылы олардың қызметтерін сатып алуға және уақтылы ақы төлеуге мәжбүрлеген деп күдіктенеді. Пара сомасы 100 мыңнан 4 млн теңгеге дейінгі аралықты құрайды», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ ТЖМ Өртке қарсы қауіпсіздік комитетінің төрағасы заңсыз ақшалай сыйақы үшін Ұлытау облысы бойынша ТЖД басшыларының біріне қамқоршылық жасаған.
Қазіргі таңда күдіктілер ұсталып, УҰИ-на қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Аталған лауазымды адамдардың басқа да жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
«Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», — деп еске салды ведомство өкілдері.