Share This Article
Қорғаныс министрі 2024 жылғы 19 наурыздағы «Әскери қызметке міндеттілерді 2024 жылғы әскери дайындыққа шақыру туралы» бұйрыққа қол қойды, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
«2024 жылы әскери дайындықтан өтуі тиіс 3000 адамды әскери дайындыққа шақыру», — делінген құжатта.
Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Сондай-ақ бұйрықты мүдделі лауазымды тұлғалар мен құрылымдық бөлімшелерге жеткізу көзделген.
Бұйрық 2024 жылғы 15 сәуірде күшіне енеді.
2023 жылы Қорғаныс министрлігі 1500 қазақстандықты әскери дайындыққа шақырды.ю
