Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш Қазақстаннан кетпегенін мәлімдеді, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтап, істі сотқа жіберген болатын.
Әсет Шындалиев ол ешқайда кетпегенін атап өтті.
«Істің сотта қаралып жатқанын білемін. Ол – Қазақстанда. Ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат алынған. Қалғанын айта алмаймын. Іс сотта қаралып жатқандықтан оның мәртебесі сотталушы шығар», — деді Бас прокурордың орынбасары Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Ол іс жабық өтіп жатқанын, істе мемлекеттік құпия барын атап өтті.
