Share This Article
Синоптиктер 10 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе және Павлодар облыстарында да жоғары өрт қаупі сақталады.
Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, тұман, жел болады.
Атырау қаласы мен Атырау облысында найзағай соғады, дегенмен төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында төтенше өрт қаупі болжанып отыр.
Тараз, Жезқазған қалаларында, сондай-ақ Қызылорда, Ұлытау, Жамбыл және Қарағанды облыстарында найзағай, қатты жел және жоғары өрт қаупі күтіледі.