Share This Article
«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне Бекежан Жәкеев тағайындалды. Бұл туралы компанияның ресми Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Бекежан Искандарұлы бұған дейін «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Жаңа басшының құқық, қаржы және инвестиция салаларында 22 жылдық кәсіби тәжірибесі бар. Ол банк және заң салаларында да түрлі басқарушылық қызметтер атқарған.
Бекежан Жәкеев Құқықтану академиясын және «Әділет» жоғары заң мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар, Еуразия гуманитарлық институтының «Экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша да жоғары білім алған.
Еске салайық, «Қазпошта» — Қазақстандағы ұлттық пошта желісінің операторы. Компания ел бойынша пошта және логистика қызметтерін көрсетумен қатар, қаржылық қызметтер нарығында да белсенді жұмыс істейді.

