Share This Article
Қазақстанда 6 шілде – Астана күніне орай азаматтар қатарынан үш күн демалады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Елімізде жыл сайын 6 шілде мемлекеттік мереке ретінде атап өтіледі. Биыл Астана күні жексенбіге сәйкес келіп отыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі немесе жексенбі) түссе, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады.
Осыған байланысты биылғы демалыс 6 шілде, жексенбіден 7 шілде, дүйсенбіге ауысты. Нәтижесінде, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін демалыс күндері 5, 6 және 7 шілде болып бекітілді.
Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін азаматтар 6 және 7 шілдеде демалады.
Айта кетейік, Астана күні – Қазақстанның басты мемлекеттік мерекелерінің бірі. Бұл күн елорда мәртебесіне ие болған қаланың дамуы мен жетістігін айшықтайды.