Share This Article
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (МҚІА) қазақстандықтарға жалған ақпараттың таралуына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, алаяқтар агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың атынан Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде жалған аккаунттар ашып, хабарламалар таратып жатыр.
“Белгісіз адамдар осындай әрекеттер арқылы жеке деректерге қол жеткізіп, алаяқтық әрекеттер жасауға тырысады,” – делінген хабарламада.
МҚІА тұрғындарды мұндай жалған хабарламаларға сенбеуге, жауап бермеуге және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады.