Share This Article
ҚР Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын бекітті, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Жаңа баға шегі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Аймақтар бойынша бекітілген максимал бағалар мынадай:
- Астана – 76 теңге;
- Алматы – 81 теңге;
- Шымкент – 64 теңге;
- Алматы облысы, СҚО – 81 теңге;
- Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары – 54 теңге;
- Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары – 76 теңге;
- Жамбыл облысы – 71 теңге;
- Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары – 64 теңге;
- Павлодар облысы – 74 теңге.
- Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары – 76 теңге.