Share This Article
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қанша Ұлы Отан соғысының ардагері тұратынын айтты, деп хабарлайды barysmedia.com.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 85 203 ардагер тұрады, оның ішінде:
– Ұлы Отан соғысының (ҰОС) 120 ардагері,
– жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 983 ардагер,
– басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының 26 506 ардагері,
– ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккері 41 594 ардагер.