Share This Article
Қазгидромет алдағы үш күнге — 14, 15 және 16 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан циклондар жылжи бастайды. Бұл ауа массалары жаңбыр мен найзағай алып келеді.
«Алдағы күндері солтүстік-батыстан кезекті циклон мен атмосфералық фронттар келе бастайды. Олар өзімен жаңбыр мен найзағай алып келеді. 15-16 маусымда Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының кейбір аудандарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және ауа температурасының төмендеуі мүмкін», – деп хабарлады Қазгидромет.
Сонымен қатар, еліміздің оңтүстік өңірлері бұл кезеңде Иран аймақтарынан келіп жатқан жылы ауа массаларының ықпалында болады. Сондықтан оңтүстікте жоғары ауа температурасы сақталады.
Синоптиктер қазақстандықтарды жаңбыр мен найзағай кезінде абай болуға, ал батыс өңірлерінде қатты жауын-шашын мен бұршаққа дайын болуға шақырады.