Share This Article
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстан Қытай және Өзбекстанмен су ресурстарын дамыту туралы келісімдерге қол қоятынын мәлімдеді, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Министрдің айтуынша, құжаттарға қол қою мемлекетаралық су қатынастарын дамыту үшін қажет.
“Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасында трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және пайдалану туралы, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендерде су бөлу туралы келісімдерге қол қою жоспарланған”, – деді Нұржігітов.
Нұржан Нұржігітов “Халықаралық су ағындарын навигациялық емес пайдалану құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы” заң жобасы Сенаттың қарауына жіберілгенін еске салды.
“Конвенция бүкіл әлем бойынша трансшекаралық өзендерді, көлдерді және олармен байланысты жер асты суларын әділ және тұрақты басқаруға жәрдемдесудің жаһандық құқықтық механизмін білдіреді. Конвенцияның тараптары – 37 ел. Қазақстанмен шектес мемлекеттер ішінен конвенция тарабы тек Өзбекстан болып табылады”, – деді министрлік басшысы.