Share This Article
Италияның Турин қаласында ұйымдастырылған XXXII Қысқы Универсиада ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы жарыста 14 медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 12-орын алды, деп хабарлайды barysmedia.com.
Эстафетада (5000 метр) Дінмұхамедалдияр Тәжібай, Санжар Жанысов, Айбек Темірхан, Валерий Клименко, Әлішер Абулкатимов мәреге үшінші жетті.
Бұл – XXXII ойында ұлттық құраманың еншісіне түскен 14-медаль.
Универсиада қорытындысы бойынша отандастарымыз 3 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль жеңіп алды.
🥇 Анастасия Городко (фристайл могул)
🥇 Анастасия Городко (параллель могул)
🥇 Никита Акимов (биатлон)
🥈 Аяулым Әмренова (параллель могул)
🥈 Антон Бондарев (параллель могул)
🥈 Денис Зинов (парашаңғы, спринт)
🥈 Денис Зинов (парашаңғы, 10 км)
🥉 Роман Құрбанов (парашаңғы, спринт)
🥉 Роман Құрбанов (парашаңғы, 10 км)
🥉 Арина Крюкова (биатлон)
🥉 Софья Самоделкина (мәнерлеп сырғанау)
🥉 Кирилл Бауэр (биатлон)
🥉 Шорт-тректен аралас құрама
🥉 Шорт-тректен ерлер құрамасы
Жалпыкомандалық есепте Франция құрамасы бірінші орынды иеленді. Одан кейінгі орындарға Оңтүстік Корея мен Финляндия елдері орналасты.