Share This Article
Келесі аптаның басында Астанаға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді, деп хабарлайды barysmedia.com.
Ақорда мәліметінше, мәртебелі қонақ елордаға 16-17 маусым күндері сапарлайды.
Ақорданың ақпаратына сүйенсек, сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өтеді.
«16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді. Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады», – деп хабарлады Ақорда.
Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы сапар аясында Астанада «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтеді.
«17 маусымда Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтеді», – деп хабарлайды Ақорда.