Share This Article
«Қазгидромет» РМҚ ауа райына байланысты кей облыстарда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдедә, деп хабарлайды barysmedia.com.
07.00-ден бастап Ақмола облысында «Астана-Петропавл» автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қ.-Щучинск қ.) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Ал сағат 08.00-ден бастап «Астана-Ерейментау-Шідерті» 16-200 шақырым, Астана қаласы-Павлодар облысы шекарасына дейінгі жол жабылды.
Сондай-ақ дәл осы уақытта Павлодар облысында «Астана-Ерейментау-Шідерті» 200-254 шақырымы, Ақмола облысы шекарасынан Шідерті кенті облысы шекарасына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Бұл ретте, жолдарды ашу 13 ақпан сағат 17:00-ге жоспарланған.
Сонымен қатар сағат 08:40-тан бастап «Астана-Қарағанды-Алматы» тасжолының бірқатар учаскесі жабылды:
- 1 291-1 353ш, Жібек Жолы ААП – Ақмола облысы шекарасына дейін;
- 1 353-1 426 ш, Ақмола облысы шекарасы учаскесі – Теміртау ААП шекарасына дейін.
Бұл жолдарды ашу 2025 жылғы 14 ақпан сағат 08:00-ге жоспарланған.

