Share This Article
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу жұмыстары барысында бұрынғы мәдениет және спорт министрі, сондай-ақ Ұлттық музейдің экс-басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты жаңа эпизодты хабарлады, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
“Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты 221 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру эпизоды бойынша сот үкімі шықты. Қазіргі уақытта бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру және жоғары спорт шеберлігі мектебін заңсыз жекешелендіру бойынша қосымша эпизодтар бар.
Келесі эпизод – “Дипломат” қонақүйін рейдерлік жолмен басып алу және пара беру әрекеті. Бұл істердің барлығы қазір сотта қаралып жатыр”, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеуқанов.