Share This Article
Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде шағын жер сілкінісін сезінгендерін жазуда, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:10-да болғанын растады.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 308 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,9.
- Магнитудасы MPV 5.7.
- Жер сілкінісінің координаталары – 40,43° солтүстік. 77,03°Ш
- Тереңдігі 10 км.
- Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы 2 балл.
Алматылықтар Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтында пікірлерімен бөліседі.