Share This Article
Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі үкіметтің баспасөз қыземітне сілтеме жасап.
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімі бойынша, Алматы қаласындағы хостелде орын алған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.
“Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссия төрағасы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды”, – делінген хабарламада.
Үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетеді.