Share This Article
Алматы прокурорлары аграрлық университеттегі ақша жымқыру дерегін анықтады, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі қала прокуратурасына сілтеме жасап.
Алматы прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.
“Келтірілген шығын 43,8 миллион теңге болады, тергеуді Алматы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізіп жатыр.
Тағы бір жағдайда университетке тиесілі 7,9 миллион теңгеге коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталды”, – делінген хабарламада.
Соталды тергеп-тексеру Медеу ауданының Полиция бөліміне тапсырылған.