Share This Article
Қазгидромет 26, 27, 28 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклон жылжып келеді. Соның әсерінен елімізде алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады.
Мәліметке сәйкес, республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде екпінді жел соғады. Батыс, солтүстік-батыс, шығыс және орталық өңірлерде қатты жаңбыр жауып, дауыл күтіледі.
Ауа температурасы күрт өзгермейді. Батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда күндізгі температура +18…+28°C шамасында болса, оңтүстік және оңтүстік-шығыста +28…+38°C жылы болады.
Мамандар тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына дайын болуды және сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.