Share This Article
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жомарт» кенішіндегі шахтада тау-кен массасы опырылды. Құтқарушылар жеті жұмысшының денесін тапты, деп хабарлайды barysmedia.com.
Төтенше жағдайлар министрлігі «Жомарт» кенішінде іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижелері туралы ресми мәлімет жариялады.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі кеніште іздестіру барысында жеті қызметкердің денесі табылды. Олардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Қайтыс болған жұмысшылардың денелері жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды», – делінген хабарламада.
2025 жылғы 17 ақпанда «Жомарт» кенішінде тау-кен массасы опырылып, шахтада жұмыс істеп жатқан жеті қызметкер үйінді астында қалды.
⚡ Кабельдердің үзілуіне байланысты жұмысшылармен байланыс үзілді.
? Құтқару жұмыстарына Ұлытау және Қарағанды облыстарының ТЖД күштері, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, ТЖМ психологтары жұмылдырылды.
? Апаттың себептерін тексеру және зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.
? Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады.
? Кеніш Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 130 шақырым жерде орналасқан.
⚒ «Жомарт» кенішінде мыс сульфиді өндіріледі.
? «Қазақмыс» корпорациясының ірі акционері – Kazakhmys Copper.
Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

