Share This Article
Синоптиктер 10 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Алматы
Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел шығыстан 2-7 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -6…-8°C, күндіз 0…+2°C.
Шымкент
Ауыспалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні — 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде -2…0°C, күндіз +4…+6°C.
Ақмола облысы
Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында аздаған қар жауады, күндіз көктайғақ болады. Солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, таңертең және күндіз солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-15°C, батысында және оңтүстігінде -20°C, күндіз -3…-8°C, оңтүстік-батысында -11°C.
Жетісу облысы
Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең шығысында, орталығында және таулы аудандарында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -13…-18°C, оңтүстігінде -9°C, орталығында және таулы аудандарында қатты аяз -22…-27°C, күндіз -3…-8°C, оңтүстігінде +2°C, шығысында және таулы аудандарында -13°C.
Түркістан облысы
Түнде таулы аудандарда, күндіз батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с, батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде -4…+1°C, солтүстігінде -9°C, күндіз +4…+9°C, солтүстігінде -1°C.
Батыс Қазақстан облысы
Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең батысында және солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-15°C, күндіз -3…+2°C.
Атырау облысы
Жауын-шашынсыз. Батысында және солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -8…-13°C, күндіз 0…-5°C.
Маңғыстау облысы
Солтүстігінде және орталығында аздаған қар, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні — 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -4…-9°C, солтүстік-шығысында -12°C, күндіз 0…-5°C.
Ақтөбе облысы
Жауын-шашынсыз. Мұғалжар ауданында боран. Солтүстігінде және шығысында тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні — 9-14 м/с, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -7…-12°C, шығысында -15°C, күндіз -2…-7°C.
Қостанай облысы
Жауын-шашынсыз. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-15°C, шығысында және оңтүстігінде -18°C, күндіз -1…-6°C, оңтүстігінде -9°C.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде шығысында аздаған қар, боран күтіледі. Батысында және оңтүстігінде тұман. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с. Ауа температурасы түнде -7…-12°C, оңтүстік-батысында -15°C, күндіз -1…-6°C, оңтүстік-батысында -9°C.
Павлодар облысы
Солтүстігінде және шығысында аздаған қар, боран, күндіз көктайғақ күтіледі. Батысында және оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-15°C, солтүстігінде -7°C, күндіз -4…-9°C.
Алматы облысы
Тау бөктерлерінде аздаған қар жауады. Оңтүстігінде және тау бөктерлерінде тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады. Жел шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -6…-11°C, солтүстігінде және таулы аймақтарда -14…-19°C, күндіз -3…+2°C, солтүстігінде және таулы аймақтарда -6…-11°C.
Астана
Ауыспалы бұлтты, кей уақытта аздаған қар жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы түнде 1-6 м/с, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -18…-20°C, күндіз -6…-8°C.